С.Сәдуақасов атындағы Ұялы орта мектебі жанындағы «Күншуақ» шағын – орталығының өткізілген іс-шара
Шағын-орталықта 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Ана көрікті қызымен, қызы көрікті ізімен" атты ертенгілік өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында қыздарымыз аналарымен бірге өз өнерлерін, шеберліктерін, шапшандықтарын көрсетіп сынға түсті. Сайысқа төрт топ қатысып түрлі сындарын сүрінбей өтті. Бірі биімен тамсандырса, енді бірі әннен шашып көрермендердің көңілін көтеріп, қошеметке ие болды. Қорытындысына келер болсақ әділ-қазы алқасы барлығына бірдей ұпай қойып, достық женді деп жариялады. Сайыскерлер грамота және сыйлықтармен марапатталды. Бүлдіршіндер аналарымызды құттықтап әң айтып, тақпақтарын оқып, биде билеп берді. Соңынла балалар аналарына дайындаған сыйлықтарын табысты.
Просмотров: 354
Комментарии